Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Адвокаттық қызмет туралы

Адвокаттық қызмет туралы
29-бап. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң мiндеттерi



Ст. 29 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195




1. Адвокаттың осы Заңның 15-бабында көзделген жалпы мiндеттерінен басқа, адвокаттар алқасының мүшесi:

1) адвокаттар алқасы жарғысының талаптарын сақтауға;

2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;

3) бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелік жарналарды төлеуге;

4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы статистикалық есепті ұсынуға;

5) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайда, адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттармен лицензиарға беруге;

6) өзінің заңды мекенжайының өзгергені туралы адвокаттар алқасының төралқасына хабарлауға;

7) ол көрсеткен заң көмегiнiң сапасына жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру үшiн қажетті материалдарды адвокаттар алқасының төралқасына ұсынуға міндетті.

2. Адвокаттар алқасының мүшесі бастапқы нысаналы және ай сайынғы мүшелiк жарналарды төлеу мiндеттемесiнен басқа, адвокаттар алқасының алдында өзгедей біржақты мүлiктiк мiндеттемелер алмауға тиіс.

Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195