Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Адвокаттық қызмет туралы

Адвокаттық қызмет туралы
32-бап. Заң консультациясы



Ст. 32 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195



 1. Азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын, оның ішінде мамандандырылған заң консультацияларын құрады.

2. Заң консультациясы орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.

3. Заң консультациясы адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.

4. Заң консультациясын адвокаттар алқасының төралқасы тағайындайтын меңгерушi басқарады.

 Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 33-1 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195