Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адвокаттық қызмет туралы
33-5-бап. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы



Ст. 33-5 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195



1. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы Республикалық адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады.

2. Төралқаны Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.

3. Төралқа мүшелерінің санын Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы айқындайды. Төралқаның құрамында әрбір адвокаттар алқасының өкілдігі қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Төралқа:

1) Республикалық адвокаттар алқасының жұмысын ұйымдастырады;

2) Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

3) өз құрамынан Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Бұл ретте бір адам қатарынан екі мерзімнен артық төраға лауазымында бола алмайды;

4) конференциялардың арасындағы кезеңде төралқаның және тексеру комиссиясының осы Заңда көзделген негіздер бойынша адвокаттар алқасының мүшесінен шығарылған мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімдер қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Республикалық адвокаттар алқасынан өкілдік етеді;

6) адвокаттар алқаларының қызметін үйлестіреді;

7) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне адвокаттар көрсеткен заң көмегі туралы статистикалық мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітетін нысан бойынша ұсынады;

8) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге ұсынымдарды енгізеді;

9) адвокаттардың кәсіби деңгейін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адвокаттарды және олардың көмекшілерін кәсіптік даярлаудың бірыңғай әдістемесін әзірлейді;

10) адвокаттардың әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға қатысады;

12) адвокаттар алқаларының қызметі туралы олардың есептерін тоқсан сайын жинақтап қорытады;

13) адвокаттар алқаларының тәртіптік практикасын жинақтап қорытады, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлейді;

14) адвокаттық қызмет мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

15) адвокаттар алқаларын ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

16) кемінде екі жылда бір рет Адвокаттар алқалары делегаттарының республикалық конференциясын шақырады, оның күн тәртібін қалыптастырады;

17) сметаға және мүліктің мақсатына сәйкес Республикалық адвокаттар алқасының мүлкіне иелік етеді;

18) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының регламентін бекітеді;

19) Республикалық адвокаттар алқасының эмблемасын бекітеді;

20) Республикалық адвокаттар алқасының жарғысында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Тексеру комиссиясының немесе адвокаттар алқалары жалпы санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы екі ай ішінде кезектен тыс Республикалық конференцияны шақыруға міндетті.

6. Төралқаның шешімдері оның отырысына қатысқан мүшелері жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.

 Ескерту. 3-тарау 33-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...33-3 33-4 33-5 33-6 33-7 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-5-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195