Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адвокаттық қызмет туралы
33-бап. Адвокат кеңсесi



Ст. 33 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195



1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.

3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.

Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.

4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.

Адвокат кеңсесiн бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.

Адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк тiркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын оның иелігіне ұсынуға мiндеттi.

5. Адвокат кеңселерiн құруға мемлекеттiк органдардың арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.

 Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...31 32 33 33-1 33-2 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195