Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Адвокаттық қызмет туралы
7-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат



Ст. 7 Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195




1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.

2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.

 Мынадай:

қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

теріс себептер бойынша мемлекеттік, әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;

адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;

осы Заңның 12-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.

 Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...5 6 7 8 8-1 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Адвокаттық қызмет туралы 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195