Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
23-бап. Аккредиттеу материалдарын жаңарту



Ст. 23 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV




1. Аккредиттеу материалдарын жаңарту:

1) аккредиттеу субъектiсiнiң құжаттарында көрсетiлген нормативтiк құжатқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген және (немесе) жаңа нормативтiк құжатты қолданысқа енгiзген;

2) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын мамандар құрамы өзгерген;

3) өлшем құралдары мен сынақ жабдығын ауыстырған жағдайда осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көзделген негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.

2. Жаңарту кезінде аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға жаңартудың себептерін негіздей отырып өтінімін және өзгерістер енгізілген құжаттардың екі данасын ұсынады.

3. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар түскен кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарайды.

Оң шешім шығарылған жағдайда және аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу үшін негіздер болмаған кезде аккредиттеу жөніндегі орган енгізілген өзгерістерді назарға алады, қажет болған жағдайда аккредиттеу саласын айқындайтын құжатты қайта бекітеді, бұл туралы аккредиттеу субъектісіне жазбаша почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы хабарлайды және ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.

4. Ұсынылған құжаттарда және мәліметтерде анық емес ақпарат және (немесе) аккредиттеу саласын кеңейтуге қатысты ақпарат анықталған кезде аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу материалдарын өзекті етуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Қабылданған шешім туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы аккредиттеу субъектiсiне жіберіледі және тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі.

 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV