Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
3-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері



Ст. 3 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV



1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары:

1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;

5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады.

2. Аккредиттеу принциптері:

1) еріктілік;

2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;

3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі қызметтің ашықтығы;

4) кемсітушілікке жол бермеу;

5) құзыреттілік;

6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

7) тәуелсіздік;

8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;

9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.

Статья 1 2 3 4 5 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV