Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыреті



Ст. 5 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV



Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретіне:

1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) аккредиттеу жөнiндегi органды таңдау бойынша конкурсты өткiзу қағидаларын және аккредиттеу жөнiндегi органға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту;

2-1) аккредиттеу жөнiндегi органды осы баптың 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес айқындау;

3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...31 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV