Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 19 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi тіркеуші ғана жүзеге асыра алады. 

2. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу, сондай-ақ ол бойынша уәкілетті органға ақпарат беру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгіленеді.  

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Қоғам өз акциялары шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында уәкілетті органға құжаттар табыс етілгенге дейін қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызмет көрсету туралы қоғамның тіркеушісімен шарт жасасуға міндетті.  

4. Орналастырылатын акция толық төленгенге дейін қоғамның осы акцияны қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiндегi (нақтылы ұстаушыны есепке алу жүйесiндегi) оны сатып алушының жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ.  

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!

20-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415