Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25-1 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Акционерлiк қоғамдар туралы
25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы

1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болға осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы. 

Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге талапта атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.  

Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату бағасы талап қойылған күні: 

1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында қалыптасқан (егер қоғам акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыста болса); 

2) бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған (егер қоғам акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыста болмаса) нарықтық құн ретінде айқындалады. 

5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларына осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалып ұсынылған сатып алу бағасы бойынша ақы төлеуге міндетті. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар осы акционерлердің банктік шоттарына аударылады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның сатып алынған дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. 

6. Акционерлердің қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату жөніндегі мәмілені тіркеу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде осы тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.  

Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның ауыртпалық салынған дауыс беретін акцияларын акционердің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жеке шотынан есептен шығару, сондай-ақ олардың ақысын төлеу ауыртпалық алынған күннен кейін бір айдың ішінде жүзеге асырылады. 

Мәмілелерді тіркеуге және олардың ақысын төлеуге байланысты шығыстарды қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алатын тұлға көтереді.  

7. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілелерді тіркеу күні қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша төленбеген дивидендтерді алу құқығы осы тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерде сақталады. 

Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуіне сәйкес қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерге қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы Заңның 22 және 23-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Осы баптың ережелері "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғаларға қолданылмайды. 

9. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында көрсетілген акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өздері бойынша дауыс беру құқығы берілетін, орналастырылған, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде өзі туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі жай акциялар және (немесе) артықшылықты акциялар осы баптың мақсаттарында қоғамның дауыс беретін акциялары деп түсініледі. 

Ескерту. 6-тарау 25-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 25‑1 26 27 ...91

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться