Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 30 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау

1. Қоғам өзінің жарғысында айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана мұндай шығаруға құқылы. 

Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың айырбасталатын бағалы қағаздарды шығаруға құқығы жоқ. 

2. Қоғамның акцияларға айырбасталатын бағалы қағаздарын шығаруға қоғамның жарияланған және орналастырылған акциялары арасындағы айырма шегiнде жол берiледi. 

3. Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары, мерзімдері мен тәртiбi айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде көрсетiледi. 

4. Қоғамның бағалы қағаздарын және кредиторлар алдындағы өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына айырбастау мынадай құжаттардың бірінің: 

1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі; 

2) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған банкті қайта құрылымдау жоспары; 

3) егер қоғам дәрменсiз борышкер болып табылса, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен қабылданған оңалту жоспары негiзiнде жүзеге асырылады. 

5. Егер бұрын қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды орналастырған кезде акционерлерге осы бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы берілсе, осы бағалы қағаздар шығару проспектісі негізінде бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастау кезінде қоғамның акционерлеріне акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді. 

6. Бағалы қағаздар банктің активтері мен міндеттемелерін қайта құрылымдау рәсімі аясында немесе қоғамның оңалту процесінде қоғам акцияларына айырбасталатын жағдайда, егер қоғам дәрменсіз борышкер болып табылса, басымдықпен сатып алу құқығы акцияларын бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы орналастырған кезде банктің (қоғамның) акционерлеріне берілмейді. 

7. Қоғам бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға, осындай айырбастау нәтижесінде жай акцияларды сатып алатын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын қоғам акционерлеріне (акцияларды сатып алуды жоспарлайтын тұлғаларға) қатысты белгіленген талаптарды орындаған жағдайда құқылы. 

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды қоғамның жай акцияларына айырбастауға тыйым салынады. 

Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2014 N 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...28 29 30 30‑1 31 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415