Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 53-1 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері

1. Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылуға тиіс. 

2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды: 

1) стратегиялық жоспарлау; 

2) кадрлар және сыйақылар; 

3) ішкі аудит; 

4) әлеуметтік мәселелер; 

5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер. 

Директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын ішкі аудит мәселелерін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін. 

3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады. 

Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады. 

Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды. 

4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді. 

Ескерту. 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...52 53 53‑1 54 55 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 53-1-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415