Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 64 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
64-бап. Қоғамның аффилиирленген тұлғасы

1. Мыналар:  

1) iрi акционер;  

2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары; 

3) қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы;  

4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;  

5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;  

6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға;  

6-1) оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға; 

7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;  

8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға;  

9) дербес немесе өзiнiң аффилиирленген тұлғаларымен жиынтықта қоғамның не осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға;  

10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылады. 

1-1. Мыналар: 

1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары; 

2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға; 

3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың бақылауында болатын заңды тұлға; 

4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға; 

5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады.  

2. Тиісті қоғам немесе өзге заңды тұлға қабылдайтын шешімді анықтау мүмкіндігі қоғамға немесе өзге заңды тұлғаға бақылау жасау деп танылады.  

3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды.  

Мыналар:  

1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар;  

2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар аффилиирленген тұлғалар болып табылмайды.  

Ескерту. 64-бапқа өзгертулер енгізілді – ҚР 2005.07.08. N 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...62 63 64 65 66 ...91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 64-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415