Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 89 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

Акционерлiк қоғамдар туралы
89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу

1. Таратылатын қоғамның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін акционерлер арасында бөлуді тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен жүзеге асырады:  

1) бірінші кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;  

2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;  

3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу.  

4) (алып тасталды)

5) (алып тасталды)

2. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.  

Егер таратылатын қоғамның мүлкі есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеуге және артықшылықты акциялардың құнын өтеуге жеткіліксіз болса, аталған мүлік, осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып, түгелдей осы санаттағы акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.  

Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

Статья 1 ...87 88 89 90 91

Перейти к статье






Добавить комментарий к 89-бап Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415