Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
13-бап. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілерін жауаптылықтан босату



Ст. 13 Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ



1. Қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босату бөлігінде рақымшылық жасаудың күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған мынадай:

1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақша қаражатын немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптарында көзделген қылмыстардың;

2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілері бойынша іс-әрекеттерді жасау нәтижесінде алынған мүлікті жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады.

2. Рақымшылық жасаудың күші мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен жария ету субъектілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбағаны үшін тәртiптiк жауаптылықтан босату бөлігінде, осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңдерге қолданылады.

3. Осы баптың қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылықтан босату бөлігіндегі ережелері жария етілген мүліктің шегінде жасалған іс-әрекеттерге қолданылады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...18 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ