Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ету



Ст. 9 Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ




Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кіріс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:

1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;

2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;

3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады.

Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;

4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...18 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ