Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
5-бап. Рақымшылық жасауды қолдану шарттары



Ст. 5 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV




1. Осы Заңның 2-бабының 1-тармағында аталған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдану үшін олардың мәртебесін растайтын құжаттардың болуы міндетті.

2. Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында және 3-бабында көзделген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеу осы Заң қолданысқа енгiзiлетін күнге есептеледi.

3. Қылмыстардың жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып табылса, рақымшылық жасау қолданылмайды.

4. Рақымшылық жасау аясына жатқызылған адамдар негiзгi жазадан босатылады.

5. Осы Заңды қолдану кезiнде соттылықты алып тастау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабында белгiленген жалпы негiздерде жүргiзiледi.

6. Егер өзiне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкiн адам бұған қарсы болған жағдайда, рақымшылық жасау қолданылмайды.


Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...10 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV