Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
7-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі



Ст. 7 Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV




1. Осы Заңның 2 және 3-баптарын қолдану сотталған адамдар жазаларын өтеп жатқан жердегі соттарға жүктеледі.

2. Осы Заңның 4-бабын қолдану қылмыстық процесті жүргiзуші органдарға жүктеледі.

3. Осы Заңды қолдану прокурор санкция берген қылмыстық процесті жүргізуші органның (лауазымды адамның) қаулысы негізінде, сондай-ақ сот қаулысы негізінде жүргізіледі.

4. Жазаны орындаушы мекемелер мен органдар осы Заңның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттарға мынадай құжаттарды:

 1) жазаны одан әрі өтеуден босату туралы не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымды;

2) сот үкімінен үзінді көшірмені (оған енгізілген өзгерістерімен қоса, егер сондай өзгерістер орын алған болса);

3) осы Заң қолданысқа енгізілетін кезге жазаның өтелген және қалған мерзімі туралы мәліметтерді;

4) сотталған адамның жеке немесе бақылау ісін;

5) осы Заңның 2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

5. Соттар осы Заңды қолданған кезде прокурордың қатысуы міндетті.


Статья 1 ...5 6 7 8 9 10 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау тура 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 521-IV