Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
9-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі

1. Осы Заңның 2, 3 және 4-баптарын қолдану сотталған адамның жазасы орындалатын жердегі соттарға жүктеледі.

2. Осы Заңның 6-бабын қолдану қылмыстық процесті жүргiзетін органдарға жүктеледі.

3. Осы Заңды қолдану прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының (лауазымды адамының) қаулысы негізінде, сондай-ақ сот қаулысы негізінде жүргізіледі.

4. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар осы Заңның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттарға мынадай құжаттарды:

1) жазаны одан әрі өтеуден босату туралы не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынуды;

2) сот үкімінен үзінді көшірмені (оған енгізілген өзгерістермен қоса, егер мұндай өзгерістер болса);

3) осы Заң қолданысқа енгізілетін күнге жазаның өтелген және қалған мерзімі туралы мәліметтерді;

4) сотталған адамның жеке немесе бақылау ісін;

5) осы Заңның 2-бабының 2-тармағында, 4-бабының 1 және 3-тармақтарында аталған адамдардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

5. Соттар осы Заңды қолданған кезде прокурордың қатысуы міндетті.

6. Осы Заңның ережелері сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сот талқылауы жүргізіліп жатқан адамдарға не 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнде (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) және 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде (2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыстар үшін, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде (осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған адамдарға қолданылады.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 12

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться