Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы 2006 жылғы 5 шілдедегі N 157


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы
7-бап. Мүлiктi жария етудi өткiзудi ұйымдастыру және оның тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

1. Жылжымайтын мүлiктi осы Заңның 11- бабына сәйкес жария етудi және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi жария ету салық органына жария ету субъектiлерiнiң (азаматтар - тiркелген жерi бойынша, заңды тұлғалар - мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша) мынадай құжаттарды:  

1) осы Заңға 1 немесе 2- қосымшаға сәйкес нысанда мүлiктi жария етудi өткiзуге екi дана өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);  

2) алымның төленгенiн растайтын;  

3) жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлдерi - жарғының (ереженiң), заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн және олардың өкiлеттiгiн растайтын құжаттарды;  

4) осы Заңда көзделген өзге де құжаттарды беруi арқылы өткiзіледi.  

2. Шет тілде ресiмделген құжаттар мемлекеттiк тiлге немесе орыс тiлiне нотариат куәландырған аудармасымен табыс етілуге тиiс.  

3. Жария ету субъектiлерi жария етілетiн мүлiктiң құнын дербес анықтайды.  

4. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария ету субъектілері мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде мүлiктiң белгілi бiр түрiне қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес.  

5. Мүлiктi жария етуге табыс етiлген құжаттар себептерi көрсетілiп:  

1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы табыс етiлген;  

2) табыс етiлген құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған;  

3) алым сомасы дұрыс есептелмеген;  

4) табыс етiлген құжаттар осындай құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға тиiс.  

Мүлiктi жария етуге табыс етiлген құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде, тұлға осы Заңда мүлiктi жария етуге белгiленген мерзiм iшiнде мүлiктi жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы.  

6. Жария етiлген мүлiк жөнiндегi мәлiметтер осы Заңға 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етiлген мүлiк тiзілiмiне енгiзiледi.  

7. Осы Заңның 11- бабына сәйкес жария етiлетiн жылжымайтын мүлiктi, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлiк өтiнiш қабылданған кезден бастап жария етiлдi деп танылады.  

Жария ету субъектiлерi мүлiк жария етiлдi деп танылған кезден бастап тиiсiнше осы Заңның 13, 14 және 14-1- баптарында аталған, жария етiлген мүлiктi сатып алумен, иеленумен және пайдаланумен байланысты қылмыстарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды жасағаны үшiн жауаптылықтан босатылады.  

8. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк жария етiлген жағдайда, уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтiнiш негiзiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi.  

9. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде табыс етiлетiн мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.  

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...16

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться