Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
17-бап. Демпингтiк айырманы анықтау



Ст. 17 Демпингке қарсы шаралар туралы




1. Уәкiлеттi орган демпингтiк айырманы анықтау үшiн тауардың экспорттық бағасы мен қалыпты құнының арасында салыстыру жасайды. 2. Демпингтiк айырманың болуы орта есеппен есептелген қалыпты құнды барлық салыстырылатын экспорттық мәмiлелердiң орта есеппен есептелген бағасымен салыстыру негiзiнде анықталады. Салыстыру сауда операциясының нақ бiр сатысында, жасап шығаруы зауыттан тиеп-жөнелту сатысында және мүмкiндiгiнше бiр мезгiлде жүзеге асырылған сату жөнiнде жүргiзiлуге тиiс. Әрбiр ретте өнiм беру, салық салу жағдайларындағы, сауда операциясының сатыларындағы, санындағы, физикалық сипаттамасындағы айырмашылықтарды қоса алғанда бағаның салыстырылуына қатысты айырмашылықтар, сондай-ақ мүдделi тұлғалар олардың баға салыстырылуына ықпалының дәлелдемелерiн де табыс ететiн басқа да кез келген айырмашылықтар ескерiлетiн қажеттi түзетулер жасалуға тиiс. 3. Егер уәкiлеттi орган экспорттық бағаның әртүрлi сатып алушылар арасында, сондай-ақ аймақтар немесе уақыт кезеңдерi бойынша едәуiр айырмашылықтары барын тапса, орта есеппен есептелген негiзде орта есеппен есептелген негiзде белгiленген қалыпты құнды нақты экспорттық мәмiлелердiң бағасымен салыстыруға болады. Мұндай жағдайларда уәкiлеттi орган мүдделi тұлғаларға мұндай айырмашылықтарды орта есеппен есептелген мөлшерлерге не нақты мәмiлелер бағасына салыстыру жүргiзген кезде нелiктен ескеруге болмайтынын түсiндiрiп бередi. 4. Экспорттық баға берiлетiн тауар осы Заңның 16-бабына сәйкес Тәуелсiз сатып алушыға алғаш рет қайта сатылатын баға негiзiнде есептеп шығарылған жағдайда тауарды беру мен қайта сату аралығындағы кезеңде төленген баж бен салықтарды қоса алғанда, шығындарға, сондай-ақ тауарларды беру мен сатудан алынған пайда мөлшерiне түзетулер де енгiзу керек. Егер мұндай жағдайларда бағаның салыстырылуы қозғалатын болса, уәкiлеттi орган сауда операциясының сатысында экспорттық баға бейiмделiп есептелген сатыға баламалы қалыпты құн белгiлейдi не осы бапта рұқсат етiлген қажеттi түзетулер жасайды. 5. Уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардан салыстыру үшiн қажеттi ақпарат талап етуге құқылы. Әрбiр нақты жағдайда уәкiлеттi орган әрбiр мүдделi тұлғаның дәлелдемелер беруiне қажеттi тәртiптi белгiлейдi.


Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Демпингке қарсы шаралар туралы