Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
19-бап. Материалдың залалды немесе оны келтiру қаупiн анықтау



Ст. 19 Демпингке қарсы шаралар туралы




1. Материалдық залалды немесе оны келтiру қаупiн анықтау дәлелдемелерге негiзделедi және демпингтiк тауар беру көлемi мен оның ұқсас тауардың iшкi рыноктағы бағасына ықпалын және осындай тауар берудiң сол тауарларды отандық өндiрушiлер үшiн зардаптарын зерделеудi қамтиды. 2. Егер бiр елден көп елдiң тауар беруi демпингке қарсы бiр мезгiлде жүргiзiлiп жатқан iстi қарау нысанасы болса, әрбiр елден берiлетiн тауар жөнiнде белгiленген демпингтiк айырма экспорттық бағаның екi не одан көп процентiн құрайтыны, ал әрбiр елден берiлетiн тауар көлемi осы Заңның 10-бабында белгiленгендей болмашы болып табылмайтыны және берiлген тауар ықпалының жиынтық бағасы берiлетiн тауарлар арасындағы да, берiлетiн тауарлар мен отандық өндiрiстiң ұқсас тауарлары арасындағы бәсеке кезiнде де экономикалық жағынан негiзделген болуы анықталса ғана уәкiлеттi орган әлгiндей тауар берудiң жиынтық ықпалын бағалай алады.


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Демпингке қарсы шаралар туралы