Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Демпингке қарсы шаралар туралы

Демпингке қарсы шаралар туралы
26-бап. Демпингке қарсы iстi қарау жөнiндегi ақпараттың құпиялылығы



Ст. 26 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органдардың лауазымды адамдарының құпия ақпаратты жария етуiне, жеке мақсаттарда пайдалануына, үшiншi тұлғаларға, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдарға беруiне болмайды. 2. Құпия ақпарат берушi тарап бұл ақпаратқа құпия сипатта болмайтын түсiндiрме жазба беруге тиiс.

Түсiндiрме жазба ақпараттың мәнiн түсiну үшiн жеткiлiктi дәрежеде жан-жақты болуға не неғұрлым жан-жақты құпия емес ақпарат берудiң мүмкiн болмау себептерiн түсiндiруге тиiс. 3. Егер уәкiлеттi орган құпиялық туралы талап негiзсiз болып табылады деп анықтаса немесе ақпарат берiп отырған адам оны жариялауға рұқсат бермесе, бұл ақпараттың анық екенi дәлелденген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның мұндай ақпаратты назарға алмауы мүмкiн. 4. Құпия ақпараттың жария етiлуiне жауапты адам Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауап бередi.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...43 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 26-бап Демпингке қарсы шаралар туралы