Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
29-бап. Мүдделi тұлғалардың кездесулерi



Ст. 29 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Демпингке қарсы iстi қарау кезiнде барлық мүдделi тұлғалар өз мүдделерiн қорғауға құқылы. Осы мақсатта уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардың өтiнiмi бойынша iстi қарау материалдарын талқылау, қосымша ақпарат беру үшiн мүдделерi қарама-қайшы тараптардың кездесуiне мүмкiндiк беруге тиiс. Негiздемелер болған кезде мүдделi тұлғалардың қосымша ақпаратты ауызша беруге құқығы бар.

Мұндай кездесулерде қандай да болсын мүдделi тұлғалардың болмауы iстiң қаралуын жүргiзу кезiнде олардың мүдделерiне залал келтiруге әкеп соқпауға тиiс. 2. Уәкiлеттi орган ауызша ақпаратты кездесуден кейiн он күннiң iшiнде ол жазбаша расталғаннан кейiн назарға алады. 3. Уәкiлеттi орган барлық мүдделi тұлғаларға демпингке қарсы iстi қарауда олардың iстерi бойынша дәлелдер дайындау үшiн уәкiлеттi орган пайдаланатын барлық құпия емес ақпаратпен уақтылы танысуға мүмкiндiк бередi.

Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Демпингке қарсы шаралар туралы