Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Демпингке қарсы шаралар туралы
35-бап. Демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмi



Ст. 35 Демпингке қарсы шаралар туралы



1. Демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмi Қазақстанның отандық өндiрушiлерiне келтiрiлген материалдық залалды жоюға немесе оның келтiрiлу қаупiне жол бермеуге және отандық өндiрушiлердiң бәсеке жағдайларына бейiмделуiне қажеттi мерзiмнен аспауға тиiс. Аталған мерзiм оның енгiзiлген немесе соңғы рет қайта қаралған күнiнен бастап бес жылдан аспауға тиiс. 2. Демпингке қарсы бажды қайта қарауға дайындау рәсiмiн уәкiлеттi орган өз бастамасы бойынша немесе мүдделi тұлғалардың демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн қырық бес күннен кешiктiрмей берген арызы негiзiнде жүзеге асырады. 3. Демпингке қарсы баждың қолданылуы отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiрудi немесе оның келтiрiлу қаупiн жоюға жеткiзбегенi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын енгiзiлген демпингке қарсы баждың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасайды. 7-тарау. Баға бойынша мiндеттемелер

Статья 1 ...33 34 35 36 37 ...43 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Демпингке қарсы шаралар туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 35-бап Демпингке қарсы шаралар туралы