Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
13-бап. Төрешiлер



Ст. 13 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Iстiң нәтижесiне тiкелей немесе жанама түрде мүдделi емес, тараптардан тәуелсiз болып табылатын және төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға келiсiм берген, жасы отызға толған, жоғары бiлiмi мен мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға төрешi болып сайланады (тағайындалады).

Дауды жеке-дара шешетін төрешінің жоғары заң білімі болуға тиіс. Дауды алқалы шешетін жағдайда төрелік құрам төрағасының жоғары заң білімі болуға тиіс.

Тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік не азаматтығы жоқ адам төреші болып сайлануы мүмкін.

2. Төрешiлiкке кандидаттарға қойылатын қосымша талаптарды тараптар тiкелей келiсуi немесе тұрақты жұмыс істейтін төрелік регламентiнде айқындалуы мүмкін.

3. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сайланған немесе тағайындалған судья;

2) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;

3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген не қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адам;

4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақысы төленетiн тұрақты немесе жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам төрешi бола алмайды.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ