Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төрелік туралы

Төрелік туралы
15-бап. Төрешілер тізілімі



Ст. 15 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Төрешілер тізілімі – Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын төрешілер туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор. 

Төрешілер тізілімі төрешінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жұмыс орнын, лауазымын және жұмыс кезеңін көрсетіп, жұмыс тәжірибесін, ғылыми дәрежесін және ғылыми атағын (болған жағдайда), қараған істерінің санын қамтуға тиіс. 

2. Төрешілер туралы ақпарат мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша беріледі. 

3. Төрешілер тізілімін жүргізу және оны пайдалану қағидаларын Төрелік палата бекітеді.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ