Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
21-бап. Төрелiк талқылау қағидаларын айқындау



Ст. 21 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Төрелiк талқылауды тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өзiнiң регламентiне және төрелiк келісімге сәйкес жүзеге асырады. 

2. Төрелiк нақты дауды шешу үшiн төрелік талқылауды тараптармен келiсiлген қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. 

Тұрақты жұмыс iстейтiн төреліктiң регламентiнде, сондай-ақ осы Заңның ережелерiнде айқындалмаған және тараптармен келiсiлмеген төрелік талқылаудың қағидаларын төрелік айқындайды. 

3. Төрелiк құрамына берілген өкiлеттiктер кез келген дәлелдемеге жол берушілікті, оның қатыстылығын, мәнін және маңызын айқындауға арналған өкiлеттiктерді қамтиды.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ