Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төрелік туралы

Төрелік туралы
23-бап. Талап арыз



Ст. 23 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Талап қоюшы өзiнiң талаптарын талап арызда баяндайды, ол төрелікке жазбаша нысанда берiледi. Талап арыздың көшiрмесi жауапкерге берiледi. 

2. Талап арызда: 

1) талап арыздың берiлген күнi; 

2) тараптардың атауы, олардың пошта мекенжайы және банк деректемелерi; 

3) төрелікке жүгiну негiздемесi; 

4) талап қоюшының талаптары; 

5) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздеген мән-жайлар; 

6) талап қою талаптарының негiздерiн растайтын дәлелдемелер; 

7) егер талап қою бағалануға жатса, талап қоюдың бағасы; 

8) талап арызға қоса берiлетiн құжаттар мен өзге де материалдардың тiзбесi көрсетiлуге тиiс. 

Талап арызға талап қоюшы немесе сенiмхаттың немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын өзге құжаттың түпнұсқасы қоса берiле отырып, оның өкiлi қол қоюға тиiс. 

3. Төрелiктiң регламентiнде талап арыздың мазмұнына қосымша талаптар көзделуi мүмкін.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ