Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
31-бап. Тараптардың құқықтары



Ст. 31 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



Төрелiк талқылауға қатысушы тараптардың:

1) iс материалдарымен танысуға және осы материалдардан көшiрмелер алуға;

2) дәлелдемелердi ұсынуға;

3) өтiнiш бiлдiруге, төрешiлерден бас тартуға;

4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;

5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн ұсынуға;

6) басқа тараптың өтiнiштерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;

7) төрелік отырыс хаттамасымен танысуға және ол бойынша жазбаша ескертулер беруге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот алдында төреліктiң шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге;

9) осы Заңда белгiленген жағдайларда төреліктiң шешiмiн бұзу туралы өтініш беруге;

10) істі бітімгершілік келісімімен немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтауға құқығы бар.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ