Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
32-бап. Тараптардың төрелік отырысқа қатысуы



Ст. 32 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ




1. Әрбiр тарапқа өз ұстанымын баяндау және өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн тең мүмкіндiктер берiлуге тиiс.

2. Егер тараптар өзге жөнінде уағдаласпаса, онда төрелік талқылау тараптардың және (немесе) олардың өкiлдерiнiң қатысуымен төреліктiң жабық отырысында жүзеге асырылады.

Тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар сақтала отырып ресiмделуге тиiс.

3. Төреліктің отырысы (оның бөлігі) тараптардың өтінішімен не төреліктің бастамашылығымен бейнеконференция байланысы мен өзге де бағдарламалар, техникалық құралдар пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін.

Бұл ретте осы Заңның 22-бабына сәйкес айқындалған төрелік талқылаудың орны отырыс өткізу, шешім шығару орны болып табылады.


Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ