Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
38-бап. Хаттамаға жасалған ескертулерді қарау



Ст. 38 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Хаттамаға жасалған ескертулерді оған қол қойған төрағалық етуші (жеке-дара төреші) қарайды, ол ескертулермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады. 

2. Берілген ескертулермен төрағалық етуші (жеке-дара төреші) келіспеген жағдайда, олар істі қарауға қатысатын адамдарды хабарландыра отырып, төрелік отырысында қаралады. Істі қарауға қатысатын адамдардың келмеуі хаттамаға жасалған ескертулерді қарауға кедергі болып табылмайды. Ескертулерді қараудың нәтижесінде төрағалық етуші (жеке-дара төреші) олардың дұрыстығын куәландыру не оларды толығымен немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Барлық ескертулер іске тігіледі. 

3. Хаттамаға жасалған ескертулер оларды берген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қаралуға тиіс. 

4. Төрағалық етуші (жеке-дара төреші) іс бойынша қандай да бір объективті себептер бойынша хаттамаға берілген ескертулерді қарай алмайтын жағдайда, олар іс материалдарына тігіледі.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 38-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ