Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Төрелік туралы

Төрелік туралы
40-бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу



Ст. 40 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ




1. Қарсы талаптың талап қоюшының талаптарымен өзара байланысы болған жағдайларда, сондай-ақ төрелiктiң қарсы талап қоюды төрелiк келiсiмге сәйкес қарауы мүмкiн болатын жағдайларда жауапкер талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. 

2. Егер тараптар қарсы талап қою үшiн өзге мерзiмге келiспесе, қарсы талап қою төрелiк шешiм қабылдағанға дейiн төрелiк талқылау барысында қойылуы мүмкiн. 

3. Қарсы талап қою осы Заңның 23-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиiс. 

4. Талап қоюшы төрелiк талқылау регламентiнде немесе қағидаларында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде қарсы талап қоюға қарсылықтарын ұсынуға құқылы. 

5. Егер тараптар өзге жөнінде уағдаласпаса, онда жауапкер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қарсы талап қоюды есепке алуды талап етуге құқылы. 

5-тарау. ТӨРЕЛІКТЕ ДАУДЫ ШЕШУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒЫСТАР


Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ