Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
47-бап. Төрелік шешімнің нысаны мен мазмұны



Ст. 47 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ




1. Төрелiк шешiм жазбаша нысанда жазылады және оған төрешiлер (жеке-дара төреші) қол қояды.

Егер төрелiк талқылау алқалы түрде жүзеге асырылса, онда қандай да бір төрешінің қойылған қолы жоқ болған жағдайда, оның болмау себептері көрсетіледі. Төрелік шешiмге ерекше пiкiрi бар төрешi қол қоймауы мүмкін, оның пікірі жазбаша нысанда төрелік шешімге қоса берілуге тиіс.

2. Төрелік шешімде:

1) шешімнің қабылданған күні;

2) осы Заңның 22-бабына сәйкес айқындалған төрелік талқылаудың орны;

3) төрелік құрамы;

4) төрелік құзыретінің негіздемесі;

5) дау тараптарының атауы, олардың өкілдерінің өкілеттіктері көрсетіле отырып, тектері, аты-жөндері, лауазымдары;

6) талап қоюшының талаптары және жауапкердің қарсылықтары;

7) даудың мәні;

8) төрелік анықтаған істің мән-жайлары, осы мән-жайлар туралы төреліктің тұжырымдары негiзделген дәлелдемелер, төрелік шешiм қабылдау кезiнде басшылыққа алған нормативтiк құқықтық актiлер;

9) әрбiр мәлiмделген талап арыз талабын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы төреліктің тұжырымдары;

10) төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстардың сомасы, көрсетілген шығыстардың тараптар арасында бөлiнуi және қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдi орындаудың мерзiмi мен тәртiбi көрсетiлуге тиiс.


Статья 1 ...45 46 47 48 49 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 47-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ