Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
51-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешімді қайта қарау



Ст. 51 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ



1. Төрелік шешiм төрелік келiсiм тараптарының бiрiнiң немесе құқықтары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғалған өзге де тұлғаның арызы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешiмдi қайта қарау негiздемелерi: 

1) заңсыз не негiзсiз шешiмнiң қабылдануына әкеп соққан, күшiне енген сот үкiмiмен белгіленген куәнiң көрiнеу жалған жауаптары, сарапшының көрiнеу жалған қорытындысы, көрiнеу бұрыс аударма, құжаттардың не заттай дәлелдемелердiң жалғандығы; 

2) күшiне енген сот үкiмiмен белгіленген тараптардың, iске қатысушы басқа адамдардың не олардың өкiлдерiнiң қылмыстық iс-әрекеттерi немесе төрешінің осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi; 

3) төреліктің төрелік шешім шығарған кезде қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы болып табылады. 

2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша төрелік шешiмдi қайта қарау туралы арыз осы Заңда айқындалған тәртiппен қайта қарау үшiн негiз болған мән-жайлар белгіленген күннен бастап, егер регламентте немесе тараптар келісімінде өзгеше мерзім белгіленбесе, үш ай iшiнде берiледi және шешiм шығарған төрелікте қаралады. 

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді төрелік бір айға дейінгі мерзімде қарайды және шешеді. 

Төреліктің, оның iшiнде бұрынғы құрамда шешiм шығарған тұрақты жұмыс істейтін төреліктің отырысын өткiзу мүмкiн болмаған кезде, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешiмдi қайта қарау туралы арызды осы Заңда белгiленген тәртiппен құрылған төреліктің жаңа құрамы қарайды.

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...60 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 51-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ