Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Төрелік туралы
9-бап. Төрелік келісімнің нысаны мен мазмұны



Ст. 9 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ




1. Төрелік келісім жазбаша нысанда жасалады. Төрелік келісім, егер ол тараптар қол қойған не хаттар, телеграммалар, телефонограммалар, факстер, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруін айқындайтын өзге құжаттар алмасу арқылы жасалған құжатта төрелік ескерту түрінде жазылса, төрелік келісім жазбаша нысанда жасалған болып есептеледі.

2. Егер төрелік келісім талап арыз алмасу және талап қоюды қайтарып алу арқылы жасалса, онда тараптардың бірі келісімнің бар екенін растаса, ал екінші тарап бұған қарсы болмаса, ол сондай-ақ жазбаша нысанда жасалған болып есептеледі.

3. Шарттағы дауды төреліктің шешуіне беру туралы талапты қамтитын құжатқа сілтеме, шарт жазбаша нысанда жасалған және бұл сілтеме төрелік келісімді шарттың бір бөлігі ретінде қарастырған жағдайда, төрелік келісім болып табылады.

4. Төрелік шартта:

1) тараптардың дауларды төрелікке беру туралы ниеті;

2) төрелік қарауға жататын нысананы көрсету;

3) нақты төрелікті көрсету;

4) осы Заңның 8-бабы 10-тармағында көзделген тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның келісімі қамтылуға тиіс.

Төрелік келісімнің қосымша жағдайлары тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін.

5. Тараптардың екінші тарапқа ақылға қонымды мерзімдерде хабарлай отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 404-бабына сәйкес дау туындағанға дейін біржақты тәртіппен төрелік келісімнен бас тартуға құқығы бар.


Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...60 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ