Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
10-бап. Тарихи-мәдени мұра объектiлерi мен ландшафтарды сақтау жөнiндегi талаптар



Ст. 10 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру заңдарда белгiленген тәртiппен тарих және мәдениет ескерткiштерi мен қорғалатын ландшафтық объектiлер деп танылған аумақтар мен объектiлердiң сақталу талаптарына негiзделуге тиiс. 

2. Тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда ерекше реттелетiн шекара белгiленедi, оның шегiнде сәулет, Қала құрылысы және Құрылыс қызметін жүргiзуге тыйым салынады немесе шек қойылады.

3. Аталған аймақтар шегiндегi жердi пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 204 Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...9 9-1 10 11 12 ...79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242