Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

Ст. 21 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Облыстық мәслихаттардың тиiстi аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:  

1) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау; 

2) облыс әкiмдiгi ұсынатын ведомстволық бағыныстағы әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер аумағының қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобаларының) кешендi схемаларын бекiту; 

3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;  

4) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды сақтаудың және күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту; 

4-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың облыс әкімдігі ұсынатын ережелерін бекіту;  

5) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiндегi облыстық комиссияларды құру және бекiту кiредi.  

6) алып тасталды  

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...79

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242