Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
25-бап. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыреті

Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:  

1) ведомстволық бағынысты аумақта мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу; 

1-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

2) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;  

3) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ қаланың әкімшілік бағыныстылығына берілген аудандардың және елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;  

4) қаланың бас жоспарының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;  

5) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі бас жоспарларды) қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну; 

5-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екендігін (мүмкін емес екендігін) айқындау; 

5-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру; 

6) ведомстволық бағынысты аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң қалалық қағидаларын қалалық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну; 

6-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну; 

7) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының қалалық маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 

8) алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;  

10) қаланың және қала маңы аймағының бекітілген бас жоспарын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын бекіту және іске асыру; 

10-1) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, шөгуге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салу немесе өзге де қала құрылысын игеру үшін жер учаскелерін таңдау, беру, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде шешімдер қабылдау; 

12) дүлей зілзалаларға (су тасқынына, жер сілкінісіне, селге, шөгуге және қар көшкініне) ұшырауын ескере отырып, аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), реставрациялау және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау; 

12-1) қалалық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу; 

13) мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу; 

13-1) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу; 

14) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;  

15) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру; 

17) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу; 

18-1) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалауға техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу; 

18-2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

18-3) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану; 

18-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру; 

18-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау; 

18-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау; 

18-7) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 

18-8) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

18-9) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту; 

18-10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу; 

18-11) республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сәулеттiк келбетiн қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi органға келісу үшін енгізу; 

18-12) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан аумақтарының шекараларын келісу; 

19) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

1-1. Астана әкімдігінің қала аумағында және қала маңы аймағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне, осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа:  

1) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2-1) алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) реконструкцияланатын объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;  

4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асыру жатады.  

1-2. Астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қала маңындағы аймақ шегінде жүзеге асырылатын қала құрылысы қызметі саласындағы құзыретіне: 

1) қала маңындағы аймақтың аумағында қолданылатын мемлекеттік қала құрылысы саясатын тұжырымдауға қатысу; 

2) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу; 

3) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын: 

елді мекен халқының жобалық санын айқындау; 

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; 

халықты ауызсу көздерімен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлігінде келісу жатады. 

2. Халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:  

1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;  

2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;  

3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиiстi мәслихатқа бекiтуге ұсыну; 

4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 

5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру; 

5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру; 

6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру; 

7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;  

8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау; 

8-1) жергілікті маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу; 

9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу; 

10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;  

11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу; 

11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау; 

11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру; 

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

3. Халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құзыретіне:  

1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;  

2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;  

3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиiстi мәслихатқа бекiтуге ұсыну; 

4) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылысжайларды, инженерлік коммуникацияларды, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;  

5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру; 

5-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру; 

6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру; 

7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;  

8) аумаққа құрылыс салу, құрылыстарды, ғимараттарды, құрылысжайларды, инженерлiк және көлiктік коммуникацияларды кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтiру және күрделi жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейiннен кәдеге жарату жөнiндегі жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау; 

8-1) жергілікті маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу; 

9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу; 

10) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;  

11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу; 

11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау; 

11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру; 

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10. № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - 2007.07.21. № 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. № 180-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 № 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз); 28.10.2015 № 366-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.01.2023 № 182-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...23‑1 24 25 26 27 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться