Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27-2 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
27-2-бап. Ғимараттарға қойылатын қауiпсiздiк талаптары

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiн жобалау адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн құрылыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Ғимараттарды жобалау кезiнде өмiрлiк циклдiң барлық сатыларындағы, оның iшiнде қалыпты пайдалану, төтенше жағдайлар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде көзделетiн бұзушылықтар және рұқсат етiлмейтiн құрылыс кезiндегi адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға төнетiн барлық ықтимал тәуекелдер сәйкестендiрiлуге және ескерiлуге тиiс.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде құрылыс салушы жобалық құжаттамада белгiленген қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың бүкiл кешенiн орындауға және ғимарат құрылысын жүргiзудiң түрлi сатыларында олардың орындалуына бақылау мен қадағалау жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.  

4. Салынып жатқан ғимараттар өзге объектiлерден белгiленген нормаларға сәйкес қажеттi арақашықтықта аулақ орналастырылуға тиiс.  

5. Тапсырыс берушiлер құрылысты салуға, реконструкциялауға және жөндеуге құрылыс мердiгерлiгiнiң шартын жасасу кезiнде онда техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарын көрсетуге тиiс.  

6. Қауiптiлiгi жоғары аймақтар болып табылатын құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушi және мердiгер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және адам өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтiру мүмкiндiгiн болғызбауға мiндеттi.  

7. Ғимараттарды жобалау және салу кезiнде мынадай құбылыстарға:  

1) ғимараттың тұтастай немесе оның бiр бөлiгiнiң опырылып құлауына;  

2) жол берiлмейтiн шамада бүлiнуiне;  

3) көтергiш элементтердiң айтарлықтай бүлiнуi салдарынан құрылыстың басқа бөлiктерiнiң немесе оларда орнатылған қондырғылар мен жабдықтардың бұзылуына;  

4) бастапқы себептермен салыстыруға болмайтын, кездейсоқ жағдайлардан туындаған залалға әкеп соқтыратын жүктемелердi есепке алу қажет.  

8. Өрт болған жағдайда ғимараттар:  

1) белгiлi бiр мерзiм iшiнде көтергiш элементтердiң берiктiгi қамтамасыз етiлетiндей;  

2) ғимарат iшiнде өрт пен түтiннiң пайда болуын және таралуын шектейтiндей;  

3) адамдарды, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын авариялық шығу жолдары арқылы дереу эвакуациялауды қамтамасыз ететіндей; 

4) құтқарушы топтар жану ошақтарына қауiпсiз кiре алатындай етiп жобалануға және салынуға тиiс.  

9. Ғимараттар адам денсаулығы мен гигиенасы үшiн, атап айтқанда:  

1) уытты газдардың және өзге де зиянды химиялық заттардың бөлiнуi;  

2) ауада қауiптi бөлшектердiң немесе газдардың болуы;  

3) қауiптi радиацияның сәуле шығаруы;  

4) судың немесе топырақтың ластануы немесе залалдануы;  

5) судың, түтiннiң немесе қатты немесе сұйық қалдықтардың бөлiнуi арқылы бұзылуы;  

6) ғимарат бөлiктерiнде немесе ғимараттың iшкi беттерiнде ылғалдың болуы салдарынан қауiп төндiрмейтiндей болып жобалануға және салынуға тиiс.  

10. Ғимараттар оларды пайдалану тайып кету, құлау, соққы алу, күю, электр тогымен зақымдану, жарылыс салдарынан жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалардың жол беруге болмайтын тәуекелiн тудырмайтын болып жобалануға және салынуға тиiс.  

11. Ғимаратты шудан оқшаулау адам өмiрi мен денсаулығы үшiн жол беруге болмайтын тәуекелдi болғызбауды есепке ала отырып жобалануға және салынуға тиiс.  

12. Ғимарат, сондай-ақ оның жылыту, салқындату және желдету қондырғылары ғимаратты пайдалануға қажеттi энергияны тұтыну жергiлiктi климаттық жағдайларды есепке алғанда қалыпты болатындай, бiрақ адам денсаулығына зиян келтiрiлмейтiндей етiп жобалануға және салынуға тиiс. 

Ескерту. 27-2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...27 27‑1 27‑2 27‑3 27‑4 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться