Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының мониторингi



Ст. 40 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөніндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.

2. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры үшiн:

1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;

2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;

3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;

4) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына және пайдаланылуына бақылау жасау қызметтерi;

5) жердiң, судың және басқа да салалық кадастрлардың, тiркелiмдердiң деректерi, өзге де деректер банктерi бастапқы ақпарат (мәлiмет) көздерi болып табылады.

Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116, (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен. 
8-тарау. АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫҢ
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУ

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242