Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
55-бап. Арнаулы мақсаттағы аймақтар



Ст. 55 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Елдi мекеннiң шекаралары (шектерi) шегiне зираттар, крематорийлер, мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар), тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жер, қоқыстарды (қалдықтарды) бастапқы өңдеу кәсiпорындары, тазалау құрылыстары, жұмыс iстеуi елдi мекеннiң басқа да аймақтарының жұмыс iстеуiмен сыйыспайтын өзге де объектiлер үшiн бөлiнетiн арнаулы мақсаттағы аймақтарды орналастыруға жол берiледi.

2. Аталған объектiлердi қоныстану аумағы мен рекреациялық аумақтан, елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнен бөлiп тұратын санитариялық-қорғаныш аймақтарын салудың қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

3. Арнаулы мақсаттағы аймақты күтiп ұстау жөнiндегi мiндеттер, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсiпорынның меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) жүктеледi.

 Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...53 54 55 56 57 ...79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 55-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242