Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
59-бап. Резервтегi аумақтар



Ст. 59 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Резервтегi аумақтар елдi мекендердi дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды игеруге (жайғастыруға) арналған қала құрылысының ресурстары болып табылады.

2. Резервтiк аумақтар (қала құрылысы ресурстары) аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемалары мен елдi мекендердiң және олардың функционалдық аймақтарының бас жоспарлары құрамында белгiленедi және бекiтiледi.

3. Елдi мекеннiң қала құрылысы ресурстарында белгiленген аумақтары олардың мақсатына сәйкес елдi мекендер мен олардың бөліктерiнiң дамуына қарай ғана резервке алынуға және пайдаланылуға тиiс.

4. Резервтегi аумақтар, егер мұндай пайдаланудың әдiсi мен режимi елдi мекендi немесе оның бөлiгiн жоспарланған перспективалы дамытуға кедергi жасамайтын болса, бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылуы мүмкiн.

5. Қала құрылысының ерекше реттелетiн аймақтары шекараларындағы резервтегi аумақтарды пайдалану аталған аймақтар үшiн белгiленген режимге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Резервтегi аумақтарды уақытша пайдалану Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.  
9-тарау. ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ

Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...79 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 59-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242