Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 6 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
6-бап. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының объектiлерi

1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясы объектiлерi:  

1) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектiлерiне;  

2) ерекше реттелетiн және қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне;  

3) ерекше реттеудi және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететiн жекелеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiне; 

4) ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілеріне бөлінеді. 

2. Ерекше реттелетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мен қала құрылысы регламентациясының аумақтық объектілеріне:  

1) экологиялық апат және (немесе) төтенше жағдайлар аймақтары;  

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;  

3) су қорғау аймақтары мен белдеулері;  

4) тарихи-мәдени мұра объектілері және (немесе) қорғалатын бірегей және сирек кездесетін ландшафтық объектілері бар аумақтар;  

5) сауықтыру, курорттық, рекреациялық және резервтік мақсаттағы аумақтар;  

6) қала маңындағы аймақтар; 

6-1) агломерациялар аумақтары; 

7) режимдік аумақтар аймақтары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше реттелетін аймақтарға жатқызылған өзге де аумақтар жатады.  

3. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының елдi мекендерiне:  

1) Қазақстан Республикасының астанасы және республикалық маңызы бар қалалар;  

2) халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын қалалар;  

3) курорттық қалалар мен кенттер;  

4) тарихи, мәдени құндылықтар не қорғалатын ландшафтық объектiлер бар елдi мекендер, олардың бөлiктерi немесе оған iргелес жатқан аумақ, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктердегі қоныстар;  

5) әскери қалашықтар, шекара бөлімшелері және өзге де жабық объектiлердегi қоныстар;  

6) ерекше (төтенше) табиғи-климаттық, геотехникалық немесе гидрогеологиялық жағдайлары бар аудандарда, сондай-ақ экологиялық және техногендік зілзалалардан не өзге де қолайсыз құбылыстар мен процестердің әсер етуінен зақымданған аймақтарда орналасқан елді мекендер жатады.  

4. Ерекше реттелетiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi мен қала құрылысы регламентациясының жылжымайтын мүлiк объектiлерiне:  

1) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен олардың ансамбльдерi;  

2) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi;  

3) адамның өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға көрiнеу қауiп төндiретiн объектiлердi қоса алғанда, арнаулы мемлекеттiк немесе шаруашылық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ғимараттар;  

4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, болуына және жұмыс істеуіне арналған ғимараттар мен құрылысжайлар жатады. 

4-1. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысын регламенттеуді талап ететін жекелеген құрылыс объектілерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. 

5. Ерекше реттеу режимi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.  

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.12. № 38 , 2006.12.11. № 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. № 180-IV ; 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТIН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРҒАН КЕЗДЕ МЕКЕНДЕЙТIН ЖӘНЕ ТIРШIЛIК ЕТЕТIН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАНЫ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться