Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 64-1 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама

1. Объектілердің құрылысы саласындағы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы сараптама ұйымдары жүргізеді және техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады. 

Аумақтарда қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешендi қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді. 

Оң сараптама қорытындылары қаралған жобаларды бекіту үшін негіз болып табылады. 

1-1. Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде объектілер құрылысы саласындағы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін. 

2. Міндетті сараптамаға: 

1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобалары; 

2) бюджет қаражаты есебінен немесе осы қаражаттың қатысуымен қаржыландырылатын, сондай-ақ бюджет қаражатының қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлеміндегі мемлекеттік меншіктің үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен көзделетін, сондай-ақ мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттың қатысуынсыз тұрғызылатын үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама; 

3) осы Заңның 60-бабының 2-тармағында келтірілген техникалық жағынан күрделi емес объектiлер құрылысының жобаларын қоспағанда, бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттама жатады. 

2-1. Алып тасталды – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін тоғыз ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

4. Осы Заңның 60-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық жағынан күрделі емес объектілер міндетті сараптамаға жатпайды. 

5. Бұрын салалық және ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың оң қорытындылары берілген, құрылыстың бекітілген жеке жобаларын қайта қолдану кезінде, сондай-ақ жаппай құрылысқа арналған қолданыстағы үлгілік жобаларды қайта байланыстыру кезінде қайталама салалық сараптамалар жүргізілмейді, бірақ бұл жобаларды нақты жергілікті жерге және жағдайларға байланыстыру бөлігінде ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтеді. 

6. Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы), оның оң қорытындысы болмаса, бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді. 

7. Құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптама жұмыстарының тапсырыс берушісі де болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді. Бөлек конкурстар жобаны дайындау мен өткізілген конкурс нәтижелері бойынша сол уақытқа жеңімпаз деп айқындалған сараптама ұйымына оны ұсыну арасында үзіліс болмайтындай мерзімдерде өткізіледі. 

8. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобалардың тапсырыс берушісі сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдауға құқылы. 

9. Тапсырыс берушілер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады. 

10. Сараптама ұйымдары сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды), оның ішінде шет мемлекеттің тиісті органы берген сараптама қызметімен айналысу құқығына арналған құжаттары бар шетелдік сарапшыларды тартады. 

Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына кіргізуге, сондай-ақ жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысудың өзге де нысанына тартуға жол берілмейді. 

11. Тапсырыс берушілер және жобалаушылар, сондай-ақ сарапшылар немесе сараптама ұйымдары тараптардың бірі жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу немесе оның нәтижесін шығару тәртібін бұзған жағдайларда, осы өтінішін негіздей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы. 

Тапсырыс беруші жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. 

12. Тапсырыс беруші сапасыз әзірленген және бұрын сараптамамен мақұлданған жобаға және (немесе) құрылыс барысында анықталған бекітілген жобадан негізсіз ауытқуларға байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына өзгерістер енгізу қажеттігін анықтаған жағдайда да сараптама жүргізіледі. 

Мұндай жағдайда, тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді. 

13. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген құрылыс объектілері бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке-дара жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісу тәртібі қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерiн, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салуға, сондай-ақ олардың қазiргi барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделi жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негiздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға кешендi ведомстводан тыс сараптама жүргiзу қағидаларымен реттеледі. 

14. Тапсырыс берушілер кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттардың толық жиынтығын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады. 

Мыналар кешенді қала құрылысы сараптамасына тапсырыс берушілер болып табылады: 

жалпымемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган; 

өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша жергілікті атқарушы органдар. 

Қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші осы жоба бойынша сараптама жұмыстарына тапсырыс беруші де болып табылады. 

Ескерту. 64-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін тоғыз ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...63‑1 64 64‑1 64‑2 64‑3 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться