Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-6-бап. Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сарапшылар



Ст. 64-6 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



1. Құрылыс объектілерін жобалау саласында сараптама қызметімен айналысу құқығына аттестат алу үшін жеке тұлғаның тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, объектілер құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі (бөлігі) бойынша жобалау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға және аттестаттаудан өтуі тиіс.

2. Үш жыл бойы практикалық сараптама қызметімен айналыспаған аттестатталған сарапшы қайта аттестаттаудан өткеннен кейін ғана сараптама қызметін жүзеге асыруға жіберіледі.

 РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың бұл редакциясы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданыста болады - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен.

3. Сарапшыларды басқа аккредиттелген немесе мемлекеттік сараптама ұйымымен жасалған шарт бойынша штаттан тыс сарапшылар ретінде тарту, сондай-ақ сараптама ұйымы басшылығының тапсырмасы бойынша жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) сараптамалар орындау жағдайларын қоспағанда, олар сараптама қызметін жеке-дара жүзеге асыруға құқылы емес.

Статья 1 ...64-4 64-5 64-6 64-7 64-8 ...79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 64-6-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242