Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-7-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу



Ст. 64-7 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242



Аккредиттелген сараптама ұйымдарын және аттестатталған сарапшыларды есепке алу тізілімдерді жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімі заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жобалардың әртүрлі бөлімдеріне сараптама бойынша мамандандырылған аттестатталған сарапшылардың штатта бар-жоғы туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы мәліметтерді қамтиды.

Аттестатталған сарапшылардың тізілімі сарапшының жеке деректері, аттестаттың берілген күні мен нөмірі туралы, мамандануы, білімі және кәсібі бойынша жұмыс өтілі туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ сарапшыға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, қолданылған жауаптылық шаралары туралы, оның ішінде сарапшыны жосықсыз деп тани отырып аттестатынан айыру туралы мәліметтерді қамтиды.

Статья 1 ...64-5 64-6 64-7 64-8 64-9 ...79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 64-7-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242