Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 64-8 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-8-бап. Сараптама қызметі субъектілерінің құқықтары, міндеттері және жауаптылығы

1. Сараптама ұйымдарының құқықтары мен міндеттері осы Заңда және өз жарғыларында белгіленеді. 

2. Сарапшы: 

1) сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамында аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысуға; 

1-1) кәсіптік мамандануына сәйкес қала құрылысы жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сараптама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындысының тұжырымдарында айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыны кері қайтарып алуына бастама жасауға; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жобаның бөліміне (бөлігіне) тапсырыс берушілерден және оны әзірлеушілерден қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға; 

3) аттестатта көрсетілген кәсіптік мамандануына сәйкес жобалардың жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сараптама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындыларының түйіндерінде ескертілген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайларда, сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыларды кері қайтарып алуына бастамашы болуға құқылы. Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сарапшы жасаған жергілікті қорытындылар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын тұтастай бекітуге негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады; 

4) педагогикалық, ғылыми және (немесе) өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқылы. 

3. Сарапшыға: 

1) дайындауға сарапшының өзі тікелей немесе жанама қатысқан не жұбайының (зайыбының) және (немесе) жақын туыстарының қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптама жүргізуге; 

2) кәсіпкерлік қызметтің сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметімен байланысты өзге де түрлерімен айналысуға; 

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің өзге де субъектілерімен еңбек, қаржылық және (немесе) басқа да тәуелді қатынастарда болуға тыйым салынады. 

4. Сарапшы: 

1) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін сараптама ұйымдарының біреуінде штатта тұруға; 

2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялықты сақтауға және қызметтік және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге; 

3) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, аттестат нөмірі және оның берілген күні көрсетілген мөрі болуға; 

4) өзінің кәсіптік біліктілігін кезең сайын арттырып отыруға; 

5) кәсіптік әдепті сақтауға міндетті. 

5. Сараптаманың сапасыз жүргізілу фактілері анықталған жағдайларда, сараптама ұйымдары мен сарапшылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

Сараптама жүргізілгеннен кейін бекітуге ұсынылған сапасыз жобалар үшін сараптама ұйымдары жобалардың тиісті әзірлеушілерімен қатар жауаптылықта болады. 

Ескерту. 64-8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін тоғыз ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...64‑6 64‑7 64‑8 64‑9 64‑10 ...79

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться