Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
66-бап. Мердiгер таңдау



Ст. 66 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242




1. Тапсырысшының (инвестордың не оның уәкiлдiк берген адамының) мемлекеттiк сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстарды орындау үшiн мердiгер таңдауы:

1) егер бұл жоба (бағдарлама) үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурс өткiзiлмей;

2) жабық немесе ашық конкурстың (тендердiң) нәтижелерi бойынша;

3) конкурсқа (тендерге) қатысуға үмiткерлердiң алдын ала бiлiктiлiгi арқылы немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Мердiгерлiк жұмыстарға конкурстардың (тендерлердiң) негiзгi қатысушылары:

1) тапсырысшы не оның тапсырысшы өкiлеттiктерi негiзiнде жұмыс iстейтiн уәкiлдiк берген адамы арқылы конкурстарды (тендерлердi) ұйымдастырушы (өткiзушi);

2) конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) - конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткiзушiнiң) тұрақты немесе уақытша алқалық жұмыс органы;

3) үмiткерлер - ұйымдастырушыға (өткiзушiге) ашық конкурсқа қатысу ниетi туралы өтiнiм берiп, ресми түрде өтiнiш жасаған, конкурсқа (тендерге) қатысуға жiберiлген тұлғалар, сондай-ақ жабық конкурсқа (тендерге) қатысуға шақыру алған тұлғалар.

3. Мердiгер таңдау жөнінде конкурс (тендер) өткiзу туралы шешiм қабылдаған кезде, сондай-ақ жобаны (бағдарламаны) iске асырудың басында тапсырысшының:

1) құрылыс үшiн қажеттi қаржыландыру көздерi немесе жобаны (бағдарламаны) iске асыру үшiн керек етiлетiн уақыт кезеңiнде қажеттi сомаға билiк ету құқығы болуға тиiс. Бұл ереже құрылысты мердiгердiң қаржыландыруы жөнiндегi талап конкурс (тендер) ережелерiне енгiзiлген жағдайда қолданылмайды;

2) жер учаскесiне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) тиiстi құқықтары немесе атқарушы органның оны беру туралы шешiмi болуға тиiс.

4. Егер мердiгерді таңдау жөніндегi конкурс (тендер) шарттарында инвестицияларға негіздемелер жасау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеу тапсырыс берушінің мiндетiне кiретіні айқындалса, онда мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткiзу кезiнде тапсырыс берушіде қажеттi мiндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен, белгiленген тәртiппен бекiтiлген инвестициялар негіздемесі мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы болуы мiндеттi.

5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы мердiгер таңдау жөніндегi ашық конкурс (тендер) ұйымдастырылатын және өткiзiлетiн жер болып табылады.

6. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, конкурстың (тендердiң) тәртiбi мен талаптарын тапсырысшы немесе оның тапсыруымен конкурсты ұйымдастырушы (өткiзушi) белгiлейдi.

7. Конкурстарға (тендерлерге) қатысуға:

1) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметтi жүргiзуге заңдарда белгiленген тәртiппен рұқсат етiлмеген жеке және заңды тұлғалар;

2) банкрот деп жарияланған заңды тұлғалар;

3) конкурсты (тендердi) ұйымдастырушылар (өткiзушiлер) не оның қазылар алқасының (тендер комиссиясының) мүшелерi болып табылатын тұлғалар;

4) заңдарда белгiленген тәртiппен тiркелмеген ұйымдар жiберiлмейдi.

8. Тапсырысшының не конкурсты (тендердi) ұйымдастырушының (өткiзушiнiң) және қазылар алқасының (тендер комиссиясының) үмiткерден оның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты мiндеттi түрде берудi талап етуге құқығы жоқ.

9. Мердiгерлiк жұмыстарға өткiзiлген конкурсты (тендердi) өттi деп хабарлау және тапсырысшының қатысушылардың бiрiн жеңiмпаз (жеңiмпаздар) деп бекiтуi (тануы) олардың арасында конкурс талаптарында көзделген мердiгерлiк жұмыстарды орындауға шарт жасасуға негiз болып табылады.

10. Тапсырысшы, мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) ұйымдастырушы (өткiзушi) және конкурстың қазылар алқасы (тендер комиссиясы) өз мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. 

11. Мемлекеттiк сатып алуға жатпайтын мердiгерлiк жұмыстар тапсырысшы (жобаның немесе бағдарламаның инвесторы) мен ол таңдаған мердiгер (бас мердiгер) арасында жасалатын шарт негiзiнде орындалады.

Мердiгерлiк шартта мердiгер (бас мердiгер) iшкi мердiгерлердiң орындауына бермекшi болып отырған жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) түрлерi мен көлемi мiндеттi түрде көрсетiледi. Бұл орайда бүкiл мердiгерлiк жұмыстардың шартта көзделген құнының (мердiгерлiк бағаның) жинақтап алғанда үштен екi бөлiгiнен астамын iшкi мердiгерлiкке беруге рұқсат етiлмейдi.

12. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тапсырысшының мердiгер алдындағы және мердiгердiң тапсырысшы алдындағы мiндеттерi мен жауапкершiлiгi мердiгерлiк шартпен белгiленедi.

13. Мердiгерлiк шартта мердiгердiң қаржылық жауаптылығын анықтайтын, құрылыс объектiсiнiң пайдалануға берiлгеннен кейiнгi тұрақты жұмыс iстеуiнiң кепiлдi мерзiмдерi белгiленедi.

Мердiгерлiк шартта кепiлдi мерзiмдер белгiленбеген жағдайда осы Заңның 69-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көзделген норма қолданылады.

 Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...64-11 65 66 67 68 ...79 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 66-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242