Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
7-бап. Азаматтардың елдi мекендердегi қолайлы ортаға құқықтары

Ст. 7 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi нәтижелерiнiң тұтынушылары ретiнде азаматтардың:  

1) мемлекеттiк қала құрылысы саясатының өндiргiш күштердi қоныстандыру мен орналастыру бөлiгiне, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiк нормаларына және аталған жергiлiктi жердiң инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу деңгейiне сәйкес елдi мекеннiң (қоныстың) аумағы шегiнде осы мекенге қатысты мекендеу мен тiршiлiк етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға;  

2) демалу мақсаттарына арналған және тиiстi емдiк және санитариялық-гигиеналық жағдайлары, оқу-ағарту, мәдени-бұқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық iс-шараларын қоса алғанда, бос уақытты өткiзу жағдайлары, саяжайлық, бағбандық және бақшалық учаскелердi орналастыру мүмкiндiгi бар, табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты мейлiнше қолайлы рекреациялық аумақтарды бөлу (бөлiп беру) арқылы демалуға құқығы бар.  

Халықтың демалуына арналған аумақты таңдау кезiнде қорғалатын ландшафтық объектiлер мен (немесе) тарихи және мәдени құндылықтарға жатқызылған объектiлердiң болуы да ескерiлуге тиiс.  

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...79

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242